Қазкоммерцбанк ісі. Құны 45 млрд теңге болатын мүлік тәркіленді
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша «Қазкоммерцбанк» АҚ-на қатысты қылмыстық іс шеңберінде параллельді қаржылық тергеу жүргізіп, сотқа дейінгі тәркілеу рәсімін жүзеге асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соттың санкциясымен күдіктілердің жалпы сомасы 44,5 млрд теңге болатын ауданы 300 гектарға жуық жер учаскелері мен автокөлік құралдары қамауға алынды.
Келтірілген залалды өтеу мақсатында ҚПК 667, 668-баптарының тәртібімен іздеуге жарияланған тұлғаларға қатысты қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу көзделген.
Сот шешімімен мүлік Алматы қаласы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет кірісіне айналдырылды.
Қазіргі уақытта аталған активтер мемлекет меншігіне берілді, ал тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу жалғасып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы