Қазіргі журналистиканың қай бағытта дамитыны өте маңызды мәселе - Властимил Самек

БҰҰ-ның коммуникация саласында күн тәртібіндегі басымдықтарға бағытталған VI Орталық Азия медиафорумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Зерттеу университеті моделі: цифрлы медиадағы ғылым мен инновация» атты VI халықаралық журналистика форумы өз жұмысын бастады.

Медиафорумға Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азия ғалымдары, сондай-ақ халықаралық және ұлттық медиа ұйымдар – Қазақстандағы Internews өкілдігі, Құқықтық медиа орталығының қоғамдық қоры, Бас редакторлар клубы, «Қазақстан Медиа желісі» ҚБ, Орталық Азия университеттерінің журналистика қауымдастығы – ОАУА, Ғылым Академиясы және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан ұлттық университеттері өкілдері қатысып жатыр.

Форумды БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі, БҰҰ ҚР Ақпарат Бюросының басшысы Властимил Самек өзінің құттықтау сөзімен ашты.

Бұл - журналистика саласындағы білім берудің өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік беретін кездесу. Қазіргі журналистиканың қай бағытта дамитыны өте маңызды мәселе, - деді ол.

Одан әрі журналистика пәні оқытылатын барлық университет бұрмаланған ақпаратқа жауапкершілікті арттыруы, сапалы ақпараттың тасымалдануы біздің заманымызда қалай жүзеге асатынын айқындау керегі баса айтылды.

Біз бірге сапалы білім беру үшін тұрақты даму үшін журналистік білім беру жөніндегі жаһандық бастамаларды қолдай аламыз, – деді Властимил Самек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы