Қазіргі дағдарыстан шығынсыз шығу керек – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада кәсіпкерлермен кездесу барысында айтты. 

Мемлекет осындай салаларға инвестиция салуға мәжбүр, осылайша ашық емес, ебедейсіз операторлар жағдайында бизнестегі қатысуын арттырады. Бұл жағдайда өте сақ болып, нарықтық экономиканың негізгі қағидаларынан ауытқымауымыз керек. Бұл тауар нарықтарына да, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне, тарифтерге де қатысты.Инвестициялық ахуал туралы айтатын болсақ, мен мұндай қиын жағдайда да біз Еуропалық Одақ, АҚШ, Қытай және басқа да елдерден келетін инвестиция көлемін сақтап қалуға және арттыруға бар күш-жігерімізді салатынымызды атап өткім келеді, - деді Тоқаев. 

Ол атағандай, бауырлас Түркия мен Орталық Азия елдері барған сайын маңызды сауда және инвестициялық серіктестерге айналып отыр.

Қалыптасқан байланыстар мен тізбектерді сақтай отырып, қазіргі дағдарыстан шығынсыз шығу керек. Бұл жұмысты күшейту керек, бірақ, әрине, санкциялар контекстін ескеру де маңызды, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы