Қазір «жастар кітап оқымайды» деген қасаң көзқарас қалыптасқан – Дәурен Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Eurasian Book Fair – 2022» V Евразиялық халықаралық кітап жәрмеңкесінің маңыздылығы туралы айтты.

Дүниежүзілік кітап күніне орай «Eurasian Book Fair – 2022» V Евразиялық халықаралық кітап жәрмеңкесіне бардым. Көңіл қуантатыны – көрмеде оқырман балалардың көптігі. Қазір «жастар кітап оқымайды» деген қасаң көзқарас қалыптасқан. Біздің міндетіміз – сол жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Оның сөзінше, көрменің тағы бір ерекшелігі – қазақ тіліндегі әдебиеттің көптігі, оның ішінде әлемдік классикадан аудармалар да, авторлық шығармалар да бар.

Дүниежүзіндегі ең бай тілдердің бірі саналатын ана тіліміз әдебиеттің тіліне айналуы керек, оған осындай көрмелердің қосар үлесі зор. Шараны ұйымдастырған «Фолиант» баспасына ерекше алғыс айтамын, - деді Дәурен Абаев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы