Қазір зауыт пен үй салатын кадрлар көбірек қажет – Қошанов

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Президенттің Жолдауы аясында қандай заң жобалары талқыланатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда ең көп талқыланып жатқан мәселе – Атом электр стансасын салу мәселесі. Атом электр стансасын салу туралы шешім – серпінді жоба екені сөзсіз. Бұған оң халықаралық тәжірибе айқын дәлел бола алады. Бірақ аталған мәселені түпкілікті шешу үшін бүкіл қоғамның бірігуі қажет. 6 қазанда өтетін референдумда халық өз шешімін қабылдайды. Барлық депутат Президенттің осы прагматикалық идеясын қолдап, жұртшылыққа дұрыс жеткізеді деп сенемін, – деді Қошанов Мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ Мәжіліс спикері "Жұмысшы мамандықтар" жылына қатысты қандай заңнамалық өзгерістер болатынын айтты.

Бұл өте маңызды қадам. Өйткені елімізде инженерлер, құрылысшылар, биологтар, ветеринарлар және су саласының мамандары тапшы. Қазір бізге зауыт, жол және үй салатын кадрлар көбірек қажет. Сондықтан біз оларды заңнамалық тұрғыда қолдау мәселесін қарастыруымыз қажет. Алдағы уақытта осы тақырыпқа арнап, Үкімет сағатын өткізген жөн деп санаймын. Сонымен қатар, жұмысшылардың осындай санатын жеке мемлекеттік наградамен марапаттау елеулі ынталандыру болмақ, – деді Мәжіліс төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы