Қазір елімізде қанша үй су астында тұрғаны белгілі болды

ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында су астында қалғандар туралы мәлімет, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 162 тұрғын үй, 3 ғимарат және 20 саяжай еріген және жаңбыр суының астында қалды. Олар: Түркістан (1-Арыс), Павлодар (1-Баянауыл), Абай (1-Аягөз, 2-Семей), Батыс Қазақстан (73 үй, 20 саяжай) және Ақтөбе облыстарында, - деді Оразалин.

Қобда ауылында 79 үй және 3 ғимарат, Ойылда 5 үй су астында.

ТЖМ өкілінің сөзінше, барлығы 957 адам эвакуацияланды.

Қауіпсіз жерлерге 5,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары айдалды. Бүгінгі таңда су басқан күйінде Ақтөбе облысындағы 13 тұрғын үй қалып отыр. Ақтөбе облысында 7 және Қостанай облысында бір, жергілікті маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде шаю  жалғасып жатыр. Ақтөбе облысында уақытша эвакуациялау пунктері мен туыстарына 311 адам орналастырылды, тұрғылықты жеріне 646 адам оралды, - деді Қаһарман Оразалин брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: azattyq.org
Өзгелердің жаңалығы