Қазір аумалы-төкпелі заман болып тұр - Мемлекет басшысы

«Бесінші басымдық – сенім (Trust). Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттерінің дамыту бағыттарын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір аумалы-төкпелі заман болып тұр. Халықаралық ахуал да тұрақсыз. Осындай алмағайып кезеңде түркі жұртының бірлігін бекемдей түсу аса маңызды. Бұл – ортақ қауіпсіздігіміздің сенімді кепілі. Қару-жарақ және Есірткі саудасына, терроризм мен экстремизмге, көші-қонға қатысты сын-қатерлер көбейді. Мұндай қауіптердің алдын алу үшін қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуымыз керек. Осы орайда мен келесі жылы Астанада мемлекеттеріміздің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 3-ші отырысын өткізуді ұсынамын. Түркі мемлекеттерінің қаржылық тергеу органдары арасында қылмыспен бірге күресу және ақпарат алмасу туралы келісім жасау маңызды, - деді Тоқаев.

«Алтыншы бағыт – инвестиция (Investments).

Аймақтар арасында сауда-саттықты кеңейтіп, экономикаға қаржы құюға баса мән берген жөн. Бұл істе Түркі инвестициялық қоры ерекше рөл атқарады.Тұрақты экономикалық байланыстарды нығайту үшін жасыл қаржы нарығын дамыту қажет. Қазақстан «Түркі жасыл қаржы кеңесін» құруды ұсынғанын білесіздер. Астана қаласына Түркі әлемінің Қаржы орталығы мәртебесін беру туралы бастама қолдауға ие болды. Сіздерге шынайы алғысымды айтамын, - деді Президент.

Айта кетейік, Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтіп жатыр. Бұған дейін Тоқаев Түркі мемлекеттерінің эмблемаларын бір үлгіге келтіру туралы айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы