Қазір 9 блокбекет жұмыс істеп тұр – Әділов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Қазіргі уақытта министрлік елдегі жағдайды одан әрі тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізуде.Жеке құрам ерекше режим жағдайында қызмет атқаруда.Еліміздің барлық өңірлерінде ІІО-ның 17 мыңнан астам қызметкерлері мен әскери қызметшілері жұмылдырылған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, - деді Әділов.
Оның айтуынша, іс-шара аясында тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен қаруларды анықтау мақсатында аулаларды аралау, жалдамалы пәтерлерді фермерлік шаруашылықтарды және өзге де объектілерді тексеру қамтамасыз етіледі.
9 блок-бекет жұмыс істеп тұр, оларға 200 қызметкер тартылған, 6 «Рубеж» бекеті.Олар өтіп бара жатқан автокөлікте тыйым салынған және ұрланған заттардың бар-жоғына тексеруді жүргізеді, - деді ол.