8 Маусым 2025 2025, 23:15 Фото: trthaber.com

Қажылыққа барған Түркияның 14 азаматы қайтыс болды

2025 жылғы қажылық маусымы барысында Түркиядан келген 14 азамат қайтыс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы қажылық маусымы барысында Түркиядан келген 14 азамат қайтыс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

TRThaber мәліметінше, өлімнің негізгі себебі — жүрек-қан тамырлары және жұқпалы аурулар.

Марқұмдар Минадағы зиратқа жерленді, алайда кейбір отбасылар денелерін Түркияға қайтаруды сұраған.

Сонымен қатар, қажылық кезінде 91 196 медициналық қызмет көрсетіліп, жүздеген адам емдеуге алынды. Қазір 40-қа жуық түркиялық қажы ауруханаларда ем қабылдап жатыр.