Қажылыққа барған әр азамат елге қанша діни кітап әкеле алады?

Шетелден келерде бір азамат елге қанша діни кітап алып келе алады? Бұл сұраққа Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қайролла Көшқали жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде Қазақстан азаматтары шетелге шығып жүр. Соның ішінде қажылық жасауға барады. Заңда айтылғандай, әрбір Қазақстан азамат елімізге діни мазмұндағы бір кітап қана кіргізе алады. Одан көп болса, азамат заң бойынша жауапқа тартылады, - деп айтты ол.

Сөзінше, елге кіргенде шекара қызметкерлері бақылап отырады.

Тіпті екі Құран алып кірсе де, азамат заң бұзды деп есептеліп, жауапқа тартылады.

Сонымен қатар телефон арқылы діни алауыздыққа алып келетін материалдарды республика ішінде тасымалдауға болады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы