ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеушілер арнайы киімдер тігіп жүр

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде жазасын өтеушілер еңбекке тартылып, тігін цехтарында арнайы киімдер өндірісін жолға қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі таңда департаменттің 60 мекемесінде сотталғандар өндіріс аймақтарында жұмыс істейді. Оның ішінде 37 мекемеде жазасын өтеушілер қаладағы тігін цехтарында арнайы киім тігуге атсалысуда.

ҚАЖ департаментінің еңбекті ұйымдастыру тобының инспекторы Сая Кенжеғұлованың айтуынша, сотталғандардың барлығы түрлі салаларда еңбекке тартылған.

Жазасын өтеушілер газоблок өндірісі, машина жөндеу, құрылыс және тігін цехтарында жұмыс істейді. Әсіресе, атқару парағы бар сотталғандар бірінші кезекте жұмысқа орналастырылады, – деді ол.

Тігін цехында еңбек етіп жүрген сотталғандардың бірі де өз пікірін білдірді.

Қолымнан тігін тігу келеді. Еңбегім арқылы отбасыме көмек жіберіп отырмын. Ойым бөлінеді, еңбекақы аламын. Қазір арнайы киімдер тігіп жатырмыз, – деді ол.

Мамандардың айтуынша, мұндай бастама сотталғандардың еңбек дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, олардың қоғамға қайта бейімделуіне, бос уақытын тиімді өткізуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар еңбекке тарту – қылмыстық-атқару жүйесіндегі тәрбие жұмысының маңызды бөлігі саналады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы