Қазгидромет сел қаупіне мониторинг жүргізе бастады

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамырдан қыркүйекке дейін созылатын сел қауіптілігінің күшеюі кезеңінде «Қазгидромет» РМК Қазақстанның таулы аумақтарында жауын-шашыннан болатын сел қаупіне мониторинг жүргізеді. 

Күн сайын консультациялар, болжамдар және дауылды ескертулер қоса жүретін сел қаупі туралы бюллетень шығарылады. Ақпарат әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік уәкілетті органдарға және халыққа таратылымдар мен интернет-портал арқылы беріледі. Барлық дерек «Қазгидромет» РМК сайтында қолжетімді, - деді Исмагулова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы