Қазгидромет құрғақшылық болуы мүмкін 10 шақты өңірді атады

"Қазгидромет" РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров алдағы айда қай өңірлерде қуаңшылық болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы 2024 жылдың шілде айында Қазақстан аумағында ылғалдану жағдайы көбіне көпжылдық мәндерге жуық болады деп күтілуде. Алайда атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаюда, – деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.

Қазгидроменттің болжауынша, атмосфералық құрғақшылық болатын өңірлер қандай?

− Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында; 
− Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында;
− Қарағанды облысының Шет ауданында;
− Ұлытау облысының Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жеке пункттерінде;
− Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
− Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және Т. Рысқұлов аудандарында;
− Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар және Бәйдібек аудандарында;
− Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында;
− Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
− және Атырау облысының басым бөлігінде.

Шілде айында бірқалыпты ылғалды жағдай Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногорск қаласында күтіледі.

Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы осы ай үшін бірқалыпты жағдайға жуық болады деп күтілуде, – деді Серік Саиров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: midjourney
Өзгелердің жаңалығы