"Қазгидромет": Оңтүстікте жауын, батыста қар жауады

Синоптиктер 26 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.

Болжамға сүйенсек, циклондар және онымен байланысқан фронталді бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады.

Тек еліміздің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Алматы мен Түркістан облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Маңғыстау облысында қатты қар түседі. Күндіз Алматы Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің 30 м/с және одан аса күшеюі болады, - делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін екі қалада ауа сапасы нашарлайтынын жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы