Қазгидромет келесі аптаға ауа райы болжамын ұсынды

Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 3%-ды құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қар жамылғысы негізінен Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының жыраларында, орманды және таулы аймақтарында сақталған.

Синоптиктердің болжамынша, 20-26 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, тек кей күндері жауын шашынсыз ауа райы болады.

Жаңбыр жауады, кезеңнің басы мен ортасында Шығыс Қазақстан облысында, кезең аяғында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ұласады (20, 22-24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 25-26 сәуірде Қостанай, Павлодар облыстарында, 25 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарында. Қатты жаңбыр 23, 25 сәуірде Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында жауады деп болжануда, - деді «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы