4 Мамыр 2024 2024, 10:27 Фото: ОКҚ

Қазгидромет Каспий теңізінің бүгінгі жай-күйін айтты

Бұл туралы Республикалық ақпараттық штаб брифингінде "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Республикалық ақпараттық штаб брифингінде "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша Каспий теңізінің деңгейі оның солтүстік-шығыс бөлігінде Пешной теңіз станциясының деректері бойынша БЖ бойынша -27,87 м белгісіне жақын, шығыс бөлігінде Форт-Шевченко, Ақтау, Құлалы арал деректері бойынша БЖ бойынша - 29,16 м белгісіне жақын орналасқан, - деді ол.

Пешной теңіз станциясындағы теңіз деңгейінің көтерілуі Жайық өзеніндегі су тасқыны кезеңімен байланысты және жыл сайын сәуір-мамыр айларында әртүрлі қарқындылықпен қайталанатынын атап өткен жөн. 2024 жылғы 3 мамырдағы Жайық өзені – Атырау қаласы маңыда су деңгейі 471 см құрады.

"Қазгидромет" РМК-ның 2024 жылғы 2-7 мамырға жасаған болжамына сәйкес, Солтүстік Каспийде теңіз деңгейінің орташа мәні -27,77 м-ден -29,39 м-ге дейінгі ауытқулармен минус 28,50 м белгісіне жақын болады деп күтілуде. Орта Каспийде теңіз деңгейі -28,65 м-ден -29,55 м-ге дейінгі ауытқулармен орта есеппен минус 29,10 м маңыда болады деп болжануда, - деді баспасөз хатшысы.

Желшегерме-желкөтерме құбылыстары күтілмейді, теңіз деңгейінің ауытқуы 15 см-ден аспайды.