Қазгидромет ескертеді: Қазақстанда ауа райы күрт бұзылып, жаңбыр мен бұршақ жауады
27-29 тамыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.
Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райын қалыптастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Қазақстанның батысында Скандинавия антициклоны аз бұлтты ауа райын орнатады. Ол шығыс бағытта жылжитын болады.
«Күндіз ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтіледі: батыста +16...+24-ке дейін, солтүстікте +12...+20-ға дейін, орталықта +17...+25-ке дейін, ал шығыста +23...+30-ға дейін жоғарылайды», - деп атап өтті «Қазгидрометте».
Сонымен қатар, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылы ауа массалары өз әсерін жалғастыра береді. Ауа райы жауын-шашынсыз болып, күндізгі ауа температурасы +30...+37 аралығында сақталады.