"Қазгидромет" ескертеді: Алматы маңындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтерілуі мүмкін
Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің ескертуіне сәйкес, Алматы қаласында 16-18 мамыр аралығында қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болуы мүмкін.
Болжамға бойынша, 16 мамыр күні кешке және 17 мамыр күні түнде қатты жауын жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атыраудағы Индербор кентіне кірме жол ашылды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы