"Қазгидромет": ертең, 19 қыркүйекте бірқатар өңірде үсік жүреді

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы бейсенбіде, 2024 жылы 19 қыркүйекте кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Синоптиктер болжамына сәйкес, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің жылжуы әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Республика бойынша көрініс табатын ортақ табиғи құбылыс – желдің екпін алуы.

ШҚО, СҚО, сондай-ақ Абай облысында, Ақмола өңірінің солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында күн суытып, сынап бағаны -1-ден -6°С дейін төмендейді, үсік жүреді деп күтіледі, - деп жазылған "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Гидрометорталық Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл өңірінің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болатынын айтады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай өңірінің оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы