Қазгидромет еліміздің 5 облысында ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 21 маусымда еліміздің 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін. Тәулік бойы кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде өрт шығу қауіпі өте жоғары. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с дейін жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдығы 15-20 м/с жетеді. Өңірде 36 градусқа дейін аптап ыстық болады. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғып, күн 38 градусқа дейін ысиды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы