29 Шілде 2026, 21:20 Фото: unsplash.com

"Қазгидромет" елдің барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады

Ертең ел аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылдың 30 шілдесінде дауылды ескерту жарияланды.

Астанада 30 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 30 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысындағы екпіні 18 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше, ал шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 30 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 30 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың шығысында, солтүстігінде 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 30 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 30 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, ал күндіз облыс бойынша оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, ал батысында, шығысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 30 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 30 шілдеде түнде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда 30 шілдеде түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 30 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 30 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Қостанай облысының солтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 30 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың тау асуларындағы екпіні 23-28 м/с құрайды. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал шығысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 30 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 30 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 30 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 30 шілдеде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде 38-42 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 30 шілдеде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.