Бүгiн 2026, 08:34 Фото: pixabay

Қазгидромет: ел аумағында ауа сапасы қалыпты

1 мамырда қолайсыз жағдайлар болжанбағанымен, мамандар ауа сапасына әрдайым назар аударуға кеңес береді.

Синоптиктердің мәліметінше, 1 мамыр күні Қазақстан аумағында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтілмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың түсіндіруінше, ҚМЖ – бұл ауада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді құбылыстар жиынтығы. Олардың қатарына желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Осындай жағдайлар кезінде елді мекендерде ауа сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ауа ластануының деңгейіне жел, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы сияқты синоптикалық факторлар тікелей әсер етеді.

ҚМЖ кезінде әдетте келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

ашық ауада, әсіресе автожолдар маңында ұзақ уақыт болмау;

балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;

тыныс алу, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдар қажетті дәрілерін өзімен бірге алып жүру;

ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеу, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.

Айта кетейік, 1 мамырда мұндай қолайсыз жағдайлар болжанбағанымен, мамандар ауа сапасына әрдайым назар аударуға кеңес береді.