Қазгидромет: Бүгін республиканың барлық аймағында жел күшейеді

«Қазгидромет» ел аумағында 11 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің барлық аймағында жел күшейеді, оңтүстікте шыңды дауылмен, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ, шығыста, оңтүстікте дауыл күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Абай, Ақмола, Жетісу облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында, Ұлытау облысының орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Павлодар облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, - деп жазды синоптиктер.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы