Қазгидромет: бүгін бірнеше өңірде бұрқасын болуы ықтимал
"Қазгидромет" РМК желтоқсанның 7-сіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай республиканың басым бөлігінде күн құбылмалы болады, қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар жауады. Тек Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында жоғары атмосфералық қысым аймағының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста және орталықта бұрқасын болуы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Ақтаудағы ұшақ апаты: Қателік пе, қасақана әрекет пе?
Өзгелердің жаңалығы