Қазгидромет алдағы екі күнде дауыл болатынын ескертеді

"Қазгидромет" РМК Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 26-27 ақпанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 ақпанда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

26 ақпанда жауын-шашын, көктайғақ, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

25-26 ақпанда облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аударында 15-20 м/с, 26 ақпанда облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

25-26 ақпан аралығында облыстың оңтүстігінде ауа температурасының 8-13 градус жылыдан 1 градус аяз-4 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

27 ақпанда түнде 3-8, облыстың таулы аудандарында 12 градус аязға дейін төмендейді.

Шымкент қ.: 25 ақпанда кей уақыттарда жаңбыр күтіледі. 26 ақпанда жауын-шашын, түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасының 10-12 градус жылыдан 1 аяз-1 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27 ақпанда түнде 6-8 градус аязға дейін төмендейді.

Түркістан қ.: 25 ақпанда жауын-шашын, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. 26 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасының 6-8 градус жылыдан 1 аяз-1 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27 ақпанда түнде 6-8 градус аязға дейін төмендейді.

25 ақпанда түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 26 ақпанда жауын-шашын, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 25 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында, 26 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. 25 ақпанда облыстың таулы аудандарында, 26 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 25 ақпанда түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз 25, тәулік бойы 26 ақпанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26 ақпанда түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасының 9-14 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 27 ақпанда түнде 5-10, облыстың солтүстігінде,таулы аудандарында 13 аязға дейін төмендейді.

26 ақпанда түнде Алматы облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 27 ақпанда түнде қар, облыстың таулы аймақтарында қатты қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын. 26-27 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 25 ақпанда облыстың шығысында, 26-27 ақпанда облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 18-23 м/с, күндіз 26, түнде 27 ақпанда облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасы 10-15 градус жылыдан 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 0-5 градус жылыдан 7-12 градус аязға дейін күрт төмендейді. 27 ақпанда түнде 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 градус аязға дейін төмендейді.

26 ақпанда түнде Жетісу облысының батысында, орталығында, таулы аудандарында қар, күндіз жауын-шашын, облыстың орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). 27 ақпанда түнде қар, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың орталығында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын. 26-27 ақпанда облыстың орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 25 ақпанда Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с, 26-27 ақпанда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 18-23 м/с, күндіз 26, түнде 27 ақпанда екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасы 9-14 градус жылыдан 2-7 градус жылыға дейін, облыстың шығысында, таулы аудандарында 2 градус жылыдан 12 градус аязға дейін күрт төмендейді. 27 ақпанда түнде 5-10, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15 градус аязға дейін төмендейді.

26 ақпанда түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Астана қ.: 26 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Күндіз жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 26 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

26 ақпанда Қостанай облысында қар, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: 26 ақпанда күндіз қар, бұрқасын күтіледі.

26 ақпанда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

26 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ.: 26 ақпанда тұман күтіледі. Күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

26 ақпанда түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Қарағанды қ.: 26 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

26 ақпанда түнде Ұлытау облысынның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: 26 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

26 ақпанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с.

Өскемен қ.: 26 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

26 ақпанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

26 ақпанда Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 26 ақпанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

26 ақпанда түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.

26 ақпанда Маңғыстау облысында қар, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты қар, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Ақтау қ.: 26 ақпанда қар, көктайғақ күтіледі.

26 ақпанда Атырау облысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын.

26 ақпанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 26 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 26 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Алматы қ.: 26 ақпанда күндіз жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Кешкі уақытта тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Қонаев қ.: 26 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

Талдықорған қ.: 26 ақпанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы