Қазгидромет: 8 сәуір күні нөсер жаңбыр жауады

«Қазгидромет» 8 - сәуірде Қазақстан бойынша ауа райы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова атап өткендей, республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр) өтеді. Қазақстанның орталығында 8 - сәуір күні қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

Күндіз ауа температурасы елдің батысы мен шығысында 13-20 градус, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде - 7-15 градус, орталығында - 12-17 градус, елдің оңтүстігінде - 20-25 градус, республиканың оңтүстік-шығысында - 17-22 градус жылу болады деп күтілуде, - деді ОКҚ алаңында спикер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы