27 Желтоқсан 2023 2023, 07:25 Фото: архив

«Қазгидромет» 19 өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 27 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты республиканың бірқатар өңіріне ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК 27 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты республиканың бірқатар өңіріне ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі, басым бөлігінде 23-28 м/с күшпен жел соғады.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта катты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман болжанады. Желдің күші 23-28 м/с артуы ықтимал.

Астана қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде кей уақытта желдің екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығы мен таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с құрайды.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысы мен орталығында көктайғақ болады. Желдің күші кей уақытта 23 м/с артады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болжанады. Күндіз таулы асуларда желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Өңірдің орталығында – тұман, түнде солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады. 15-20 м/с екпінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.

Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында желдің күші 23-28 м/с артуы ықтимал.

Павлодар облысының шығысы мен оңтүстігінде – тұман, көктайғақ, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең өңірдің батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде өңірдің басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, батысы мен шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде желдің екпіні 23-28 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде кей уақытта 30 м/с және одан жоғары болады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде – бұрқасын, көктайғақ, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен шығысында – бұрқасын, көктайғақ, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында желдің күші 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болжанады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 23 м/с артуы ықтимал.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде, күндіз батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен тұманды болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысында 27 желтоқсанда таңертең және күндіз, 28 желтоқсанда түнде, 29 желтоқсанда тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақытта күші 30 м/с және одан жоғары болады.