"Қазгидромет" 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 2 тамызда еліміздің 17 өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын болжап, ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі облыстың оңтүстігінде сақталады, солтүстігінде, орталығында күтіледі.

Астанада найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстгінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының түнде солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы