"Қазгидромет" 11 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 14 наурызда елдің 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман. Солтүстік-батыс бағыттан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 17-22 м/с.
Алматыда кей уақытта тұман күтіледі. Жол бойында мұзтайғақ.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын, түнде облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Шымкентте кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.