QazForum интернет-контент трендтерін жасаушылар алаңына айналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы QazForum 2021 форумында  АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куо мәлім етті. 

Бұл форумға қатысу мен үшін үлкен мәртебе.  Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі ретінде АҚШ Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдауды жалғастырып келеді, – деді Джуди Куо. 

Оның айтуынша, соңғы бес жылда бұл форум интернет-контент трендтерін іске асырушы платформалардың бірі. 

Сөз арасында АҚШ-тың еліміздегі уақытша сенімді өкілі биыл Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толғанын айта кетті. 

Екі ел  арасындағы қарым-қатынас пен өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударатын боламыз, – деді Джуди Куо. 

Ол сондай-ақ QazForum – қазақтілді интернет-контент жасаушылардың басын қосып, осы саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылауға арналған алаң екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы