Қаздан қашқан бала: Америкалық рэпер 3 жасар қазақ баласының видеосын жариялады
Ақтөбелік балақайдың қаздан қорқып, жүгіріп бара жатқан видеосы әлемге тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде 3 жасар баланың қаздан қорқып жылап қашқан сәті түсірілген видео кеңінен таралуда. Видео көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Аталған бейнежазбаны америкалық рэпер Snoop Dogg өзінің парақшасында жариялаған.
Қаздан қашып жүрген сары томпиым, - деп жазған баланың әкесі Махамбет Ермеков инстаграм парақшасында.
Әкесі баласының қаздан қорыққан сәтін 9 тамыз күні түсіріп, TikTok-қа жүктеген. Нәтижесінде ол жерде 25 миллионнан аса қаралым жинаса, ал Instagram желісінде 105 миллионнан аса қаралым жинаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы