Qazcovid-in-нен бөлек тағы 4 вакцина өндірілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Qazcovid-in қазақстандық вакцинасы туралы» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты.

Біздің 60 жылдан астам уақыт тарихы бар институтымыз Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылының маңындағы 40-әскери базада орналасқан. Қауіпті және аса қауіпті штамдарды зерттеумен айналысатын осындай институттар көп тұрғыны бар елді мекендерден алшақ орналасуы керек. Бұл жерде мықты ғалымдар, вирусологтар, биотехнологтар 60 жылдан астам уақыт бойы вакцина жасаумен айналысып келеді. Бүгінгі таңда осы институттың ғалымдары 60-тан астам түрлі вакцина мен тест жүйелерін ойлап тауып, қолданысқа енгізді, - деді спикер.

Оның айтуынша, 2020 жылы наурыз айында елімізде коронавируспен ауырғандар анықталғаннан соң және вирустың тірі штамын алғаннан кейін бір апта өткен соң институт ғалымдары коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина жасауды қолға алды.

Бір уақытта бес платформада вакцина жасау қолға алынды, себебі осының ішінен барынша тиімдісін таңдап алуымыз керек болды. Қуанышқа орай, біз жасаған алғашқы Qazcovid-in вакцинасы 2020 жылы мамыр айында дайын болды. Ал 15 мамырда ресми түрде тіркеліп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтына тіркелді. Бұдан басқа тағы 4 вакцина дайындалып жатыр, - дейді ол.

Бұған дейін қазақстандықтар отандық вакцинаны қашан алатыны анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы