«ҚазАзот» компаниясына 8,5 млн теңге айыппұл салынды

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті «ҚазАзот» АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында «МАЭК» ЖШС жылу электр станциясында технологиялық ақаулар мен энергия блоктарының апатты ажыратылуы салдарынан атмосфераға ластаушы заттардың қысқа мерзімді шығарындылары тіркелген.

Нәтижесінде «ҚазАзот» АҚ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 8 552 901 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы