«Қазавтожол» сатылымға шықты

Астана, baq.kz. «Қазавтожол» ЖШС gosreestr.kz сайтына саудаға қойылды. Кепілді жарна – 2,7 млрд теңге, бастапқы баға – 18,5 млрд теңге. Өтінім 2019 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады. 

Қазір «Қазавтожол» Индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы компания. Кәсіпорын 23,5 мың шақырым автожолға қызмет көрсетеді. 
Компанияның басым бағыты Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие алты халықаралық дәліз болып отыр. «Қазавтожол» РМК құрамында 14 облыстық филиал, 77 жол-пайдалану телімі, 174 жол-пайдалану бекеті, 7 ағаш отырғызатын телім бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы