ҚазАвтоЖол жолаушыларға ескерту жасады

Еліміздің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы ауа райы жағдайын арнайы сайттан онлайн көруге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сіздердің қолайлы қозғалыстарыңыз үшін 17 ақылы учаскеде 74 камера орнатылды. Бұл жүргізушілер үшін алдын ала сапарды жоспарлауға, автожолдардағы ауа райын жағдайын көруге және жолдағы қолайсыздықтарды алдын алуға мүмкіндік береді, - деді.

Қыс мезгілінде Kaztoll.kz сайты мен Sapar мобильді қосымшасын жиі қолдануды ұсынды.

Қосымша біздің Телеграм арнамыздан және 1403 байланыс орталығынан қажетті ақпараттарды алуға болады. Қыста көліктеріңізді дайындап, қауіпсіздік ережелерін сақтап, өзіңіз бен жақындарыңызды сақтаңыздар, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы