"ҚазАвтоЖол" Тараз-Шымкент жолындағы жүк көлігінің апаты бойынша пікір білдірді
"ҚазАвтоЖол" компаниясы Тараз - Шымкент автожолындағы жол-көлік оқиғасы бойынша соңғы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 6 маусым сағат 21:30 жағдай бойынша көлік қозғалысы бір жолақпен кезектесіп жүзеге асырылуда. Үшінші күн қатарынан ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ұзаққа созылуының себебі – ірі габаритті жүк арнайы техниканы пайдалануды қажет етеді.
Оқиғаның салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Жүргізушілерден жолдың осы учаскесінде қозғалыс ерекшеліктерін ескеріп, барынша сақ болуды сұраймыз, – деп жазылған мәліметте.
Айта кетейік, бұған дейін Тараз - Шымкент автожолында ірі габаритті жүк көлігімен орын алған жол-көлік оқиғасы туралы хабарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Футбол: Өзбекстан тарихында алғаш рет әлем чемпионатына қатысады
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы