«ҚазАвтоЖол» қолайсыз ауа райына байланысты жабылған жол учаскелері тізімін толықтырды

Қазақстанның бес өңірінде республикалық маңызы бар тас жолдардың 21 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ болуына, айналаның көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты тас жолдардың 6 учаскесі жабылды:

  • "Астана-Петропавл" тас жолы, 18-234 км, Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін ("КАЖсервис" ЖШС қызмет көрсететін ақылы аумақ) – 216 км.
  • "Астана-Ерейментау-Шідерті" тас жолы, 16-200 км, Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін – 184 км.
  • "Екатеринбург - Алматы" тас жолы, 1292-1353 км, Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км.
  • "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолы, 232-260 км (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін);
  • "Жезқазған-Петропавл" тас жолы, 377-552 км (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін);
  • "Жақсы-Есіл-Бұзылық" тас жолы, 0-82 км (Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін).

Ақтөбе облысында 4 жол учаскесі жабылды:

  • Самара-Шымкент, 526-610 км, Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Қобда ауылына дейін.
  • Самара-Шымкент, 776-844 км, Ақтөбе қаласы – Хромтау қаласы.
  • Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай, 0-234 км, Қарабұтақ учаскесінен Қостанай облысының шекарасына дейін.
  • Самара-Шымкент, 844-1153 км, Хромтау қаласынан Ырғыз ауылына дейін.

Жетісу облысында "Үшарал-Достық" тас жолы, 84-184 км, Көктұм станциясынан Достық станциясына дейінгі учаске жабық.

Батыс Қазақстан облысында "Самара-Шымкент" тас жолы, 393-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін жабық.

Реклама

Қостанай облысында 9 жол учаскесі жабық:

  • Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 218-232 км, Октябрьское уч. С. - Ақмола облысының шекарасы.
  • Жезқазған – Петропавл, 339-377 км, Арқалық уч. қ. - Ақмола облысының шекарасы.
  • Қарабұтақ-Комсомольское – Денисовка – Рудный-Қостанай, 234-386 км, Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка кентіне дейінгі учаске.
  • Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 108-218 км, Әулиекөл ауылынан Октябрь ауылына дейін;
  • Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 7-108 км, Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін;
  • Екатеринбург – Алматы, 556-686 км, Тобыл қаласынан Сарыкөл ауылына дейін;
  • Екатеринбург-Алматы, 418-539 км, Қарабалық ауылынан Қостанай қаласына дейін;
  • Мамлүт-Қостанай, 250-404 км, Тобыл қаласынан Ұзынкөл ауылына дейін;
  • Қарабұтақ-Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай, 386-503 км, Рудный қаласынан Денисовка ауылына дейін.

Айта кетсек, 26 желтоқсанда синоптиктер еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылатыны ескертті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы