"Қазавтожол" монополияға қарсы заңнаманы бұзған

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы департаменті өтінішті қарау нәтижесінде "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының іс-әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қоғам "ҚазҚСҒЗИ" АҚ жобалау ұйымына барлық өткізу пункттерін жабдықтау бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға белгілі бір өндірушінің инспекциялық-тексеру кешендерін енгізуді ұсынған. Бұл жекелеген жеткізушілер үшін артықшылықтар тудырып, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын, атап айтқанда, мемлекеттік функцияларды орындайтын ұйым тарапынан жасалатын бәсекелестікке қарсы әрекеттерді бұзу әрекеттеріне жатады, - делінген хабарламада.

Акционерлік қоғамның әрекеттерінен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының 194-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген бұзу белгілері анықталды. Аталған тармақшада нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциялары берілген ұйымдардың белгілі бір нарық субъектілеріне бәсекелестерге қарағанда басымдық беретін жеңілдіктер немесе басқа да артықшылықтар беруі бәсекелестікке қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) деп танылған.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамының атына тексеру жабдық нарығындағы бәсекелестікті шектеуге әкелетін әрекеттердің жол берілмеу керектігі туралы хабарлама жолданды. Өз кезегінде, Акционерлік қоғам анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады, - деп хабарлады агенттік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Өзгелердің жаңалығы