9 Наурыз 2024 2024, 08:52
Фото: видеодан кадр
"ҚазАвтоЖол": Ақтөбе облысындағы автожолдарда жағдай тұрақталды
"ҚазАвтоЖол" компаниясы Ақтөбе облысындағы автожолдарға қатысты соңғы ақпараттарды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" компаниясы Ақтөбе облысындағы автожолдарға қатысты соңғы ақпараттарды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сағат 08:00-де ахуал бойынша А-26 "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" республикалық маңызы бар автожолының еріген қар суының басу қаупі жоқ, - делінген хабарламада.
Осы учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы штаттық режимде жүргізілуде.
Жолшылардың тәулік бойы патрульдеу жүргізуде.
Еске сала кетейік, кеше Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолды су басқан болатын.