Қазавиақұтқару тікұшағымен екі сәби Екібастұздан Павлодарға эвакуацияланды
Қазавиақұтқару құтқару бөлімшесінің әуе кемесі Екібастұз қаласынан Павлодарға екі сәбиді шұғыл медициналық эвакуациялауды жүзеге асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сәбилерге шұғыл мамандандырылған медициналық көмек қажет болды. Әуе кемесі экипажының жедел әрекеттері мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті және қауіпсіз өтті.
Павлодар қаласында тікұшақ қонғаннан кейін бірден сәбилер медицина қызметкерлеріне тапсырылды, одан әрі облыстық медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазақстан ТЖМ Қазавиақұтқару күрделі және шұғыл жағдайларға жедел ден қоя отырып, азаматтарға шұғыл көмек көрсету бойынша маңызды миссияны орындауды жалғастыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісудағы әдістемелік орталық тәжірибесін бөлісті
Келесі жаңалық
Астанада екі автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы