Кеше 2026, 22:53 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақтың жас мергені әлемді мойындатты

Бұл – ұлттық құраманың Германиядағы дүбірлі додадағы үшінші медалі.

Қазақстан құрамасы Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан оқ ату спортынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды.

Ел намысын қорғаған Асылым Жақия 25 метр қашықтықтан стандартты шағын калибрлі тапаншамен оқ ату сайысында 554 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.

Күміс жүлдені 552 ұпаймен үндістандық спортшы Шауля Дилип Бхарне иеленсе, оның отандасы Рия Дуггал дәл осындай нәтижемен қола медальға қол жеткізді.

Осылайша, Асылым Жақия Қазақстан құрамасының қоржынына әлем чемпионатындағы кезекті алтын жүлдені салды. Бұл – ұлттық құраманың Германиядағы дүбірлі додадағы үшінші медалі.

Бұған дейін қазақстандық мергендер стенд атудан әйелдер арасындағы «трап» жаттығуында алтын медаль жеңіп алса, Ринат Казаченко нысана көздеуден күміс жүлдеге ие болған еді.

Зульдегі әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстандық спортшылардың жүлде қорын толықтыруға мүмкіндігі әлі де бар.