Қазақтілді контент сапасы артып келеді - Дархан Қыдырәлі

Елордада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл сайын өтетін қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың форумына қатысуға медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар қатысуда.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша, қазақтілді контент жасаушылардың саны мен сапасы да артып келеді.

Министрлік бұл салаға ерекше мән береді. Біз мемлекеттік тілді дамыту бойынша нақты шаралардың жоспарын бекіттік. Қазіргі кезеңде қазақтілді мемлекеттік БАҚ-тың орташа статистикасы 85 пайызға жетті. Әсіресе онлайн платформалар 87 пайызға өсті. Біз бұл көрсеткішті арттыруды көздеп отырмыз, - деді Қыдырәлі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, форум барысында АҚШ елшісі қазақтілді контент келешегі туралы айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы