14 Қазан 2026, 03:25
Фото: 24.kz
«Қазақтелеком» ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып белгіленді
Қаулы 2026 жылғы 23 қазаннан бастап заңды күшіне енеді.
Қаулы 2026 жылғы 23 қазаннан бастап заңды күшіне енеді.
Елімізде ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуіне жауапты ұйым ресми түрде анықталды. Ол – "Қазақтелеком" АҚ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы тиісті қаулысы ресми дереккөздерде жарияланды.
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып белгіленсін, – делінген құжат мәтінінде.
Елдегі ең ірі телекоммуникациялық операторға мұндай мәртебе «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген.