“Қазақтелеком” мен ұялы байланыс операторларына тергеу жүріп жатыр
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, агенттікке ұялы байланыс пен интернет қызметтері бағасының өсуіне байланысты азаматтардан көп шағым түсіп жатыр. Осыған байланысты бірнеше бағыт бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
Сымды интернет нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспарлы талдау жүргізу барысында "Қазақтелеком" АҚ тарапынан үй интернетіне монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері анықталды. Қазіргі таңда осы факті бойынша тергеу жүріп жатыр, – деді Сәмбетов.
Бұдан бөлек, ұялы байланыс операторларына қатысты да тергеу басталған.
2024 жылы жүргізілген мониторинг нәтижесінде ұялы байланыс операторларының тарифтерінде де монополиялық баға белгілеу белгілері байқалды. Қазір заң талаптарына сәйкес нарыққа талдау жүріп жатыр. Егер бұл талдау бағаның негізсіз екенін дәлелдесе, тергеу қайта басталады, – деді агенттік өкілі.
- Алматыда ескі автокөліктерді жаңасына ауыстыру бағдарламасы енгізілуі мүмкін 10:15
- Қылмыс жасалмай тұрып анықталады: Қазақстанда жаңа жүйе іске қосылды 09:53
- Бірінші Құрылтайға кімдер барады? 545 кандидаттың портреті 09:32
- Астанада 22-қабаттан құлаған қыз қаза тапты: Полиция тергеу бастады 09:14
- Биыл Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша 7 жоба іске қосылды 08:56
- Қазақстанда жаңа өнім астығының түсімі төрт есеге жуық артты 08:40
- Қазақстан құрамасы халықаралық география олимпиадасында екінші орын алды 08:22