Қазақтар ақшасын қалай тез көбейте алады?

Елордада Ұлттық академиялық кітапханада «Инвестиция әліппесі. Ақшаны қалай көбейтеміз?» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жоба коммерциялық емес, жастардың қаржылық сауаттылығына бей-жай қарамайтын азаматтардың демеушілігінің арқасында жүзеге асып отыр. Бұл - «Инвестиция әліппесі. Ақшаны қалай көбейеміз?» инвестиция туралы қазақ тіліндегі тұңғыш кітап. 

Кітап университеттерге тегін таратылды. Бүгінге дейін ЖОО-на мыңнан астам кітап тегін берілді.

Кітаптың авторлары - Ерқанат Әбени, Бауыржан Шурманов және Ербол Азанбек.

Авторлар кітап қаржы табу мақсатында емес, керісінше оқырмандардың қаржылай сауаттылығын арттыру мақсатында жазылғанын атап өтті.

Кітапты шығарғандағы басты мақсатымыз - қарапайым қазақтілді оқырманның қаражатын көбейтіп, оны көбейте алуы, инвестор болуы. Бұл біздің осы жолда қосқан титтей де болса үлесіміз деп білемін, - деді Ербол Азанбек.

Сонымен қатар кітаптың тағы бір авторы Ерқанат Әбени қаржы сауаттылығын арттыруға қатысты қазақтілді кітап болмағандықтан, осы кітап жарық көргенін айтты.

Иә, қаржы сауаттылығы туралы кітаптар көптеп жарық көріп жатыр. Бірақ нақты қор нарығы туралы ақпарат жоқтың қасы. Осындай мағлұматтарды қарапайым тілмен жеткізуге тырыстық, - деп ойын айтты ол.

Қаржы сауаттылығын арттыруға бағытталған кітапты кітап дүкендерінен 1 000 теңгеге сатып алуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы