Қазақстанның жоғары оқу орындарында 600 мыңнан астам студент оқып жатыр

Торайғыров университетінде жастар саясатын дамытуға арналған халықаралық семинар-жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пленарлық отырыстарға Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетел университеттерінің екі жүзден астам өкілдері, жоғары білім және жастар саясаты саласындағы жетекші сарапшылар, соның ішінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан бүгінгі таңда Қазақстанның жоғары оқу орындарында 600 мыңнан астам студент білім алып жатқанын атап өтті.

Бұл білім алғысы келетін саналы жастар. Спикер білім берудің міндеті – жастарды әлеуметтендіру екенін де атап өтті. Бүгінгі таңда жеке және кәсіби даму үшін барлық мүмкіндіктер бар.

Торайғыров университетінде жастар саясаты мәселелеріне арналған халықаралық семинар-жиын басталды. Бүгінде елімізде де, шетелде де білікті де дарынды жастар қажет. Біздің студенттер, болашақ мамандар туған өлкенің ғана емес, бүкіл еліміздің өркендеуіне үлес қосатыны сөзсіз. Осы мақсатта Қазақстан Болон процесіне қатысумен қатар Біртұтас Орталық Азия білім кеңістігін құруда белсенділік танытуда, - деді университет ректоры Еркін Садықов.

Диалог алаңы халықаралық мәртебеге ие болды – оның қонақтары Германияның Анхальт университетінің, Палацк университетінің және Баку Славян университетінің өкілдері болды.

Сонымен қатар, «Қазақстан студенттерінің альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы мен Торайғыров университеті арасында меморандумға қол қойылып, оған университет ректоры Еркін Садықов пен Қазақстан студенттерінің республикалық альянсының төрағасы Ұлан Нәукен қатысты.

Сондай-ақ «Этноауыл» мәдени-ағартушылық жобасының тұсаукесері өтті, оның аясында Павлодар облысы жастарының актерлік, шығармашылық және спорттық жетістіктері көрсетілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы