Қазақстанның ЖІӨ көрсеткіші Орталық Азияда бірінші орында
Қазақстан жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімі бойынша Орталық Азия елдері арасында бірінші орында тұр. Елдің жалпы ішкі өнімі Өзбекстан, Беларусь, Грузия, Армения, Молдова, Қырғыз Республикасынан және Тәжікстаннан асып түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сарапшыларынының айтуынша, 2023 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі $259,3 млрд-қа жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық. ТМД елдерінің ішінде Ресейде ғана жоғары көрсеткіш бар.
ХВҚ экономистері 2028 жылға қарай Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 354,7 млрд долларға жетеді деп болжап отыр. Бұл осы жыллмен салыстырғанда құндық мәнде 36,8%-ға немесе 95,4 млрд долларға көп, - делінген жазбада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресей мектептеріне қазақ тілі мұғалімдері даярлануда
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы