Қазақстанның ЖІӨ 2025 жылы 300 млрд доллардан асуы мүмкін
Қазақстанның ЖІӨ 2025 жылы 300 млрд доллардан асуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Биыл экономика өсімі көрсеткішін есепке ала отырып, біз кейінгі жылдардағы қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз ету жағдайында 300 млрд доллар межеге өтеміз деп үміттенеміз. 450 млрд доллар межеге дейін қол жеткізуге қауқарымыз жетеді, - деп атап өтті Үкімет басшысы БАҚ өкілдері қойған сұраққа жауабында.
Айтуынша, бұл бағытта елдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту, экономиканы диверсификациялау, жоғары қосымша құнның жоғары шегімен өндірісті дамыту үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бүгінгі Үкімет отырысындағы жиында 2025 жылғы қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері талқыланады.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Үкімет отырысы мен баспасөз мәслихатының тікелей көрсетілімі BAQ.KZ сайтында жүргізіледі.