Бүгiн 2026, 08:54
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендемеуге шақырады.
Бүгін, 4 сәуір күні Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, ҚМЖ Павлодар, Өскемен, Риддер, Семей, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында болжанып отыр.
Қолайсыз метеожағдай – желдің әлсіздігі, тұман, ауа инверсиясы сияқты факторлардың үйлесуі салдарынан атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін құбылыс. Бұл өз кезегінде ауа сапасының нашарлауына және тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.