5 Тамыз 2019 2019, 15:05
Қазақстанның Жапониядағы елшісі еліміздің олимпиадашыларын қабылдауға дайындықты бақылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев және Курумэ қаласының мэрі Цутому Окубо қазақстандық спортшыларды қабылдауға дайындық іс-шараларына қатысты», - делінген хабарламада.
Курумэ қаласы Токио - 2020 Олимпиадасының «Host Town» жобасы аясында Қазақстан мен Кенияның серіктесі.
Айта кетейік, келесі жылы 24 шілде күні Токиода төртжылдықтың ең маңызды спорттық оқиғасы – 2020 жылғы Олимпиада ойындары басталады. Қазақстан құрамасы аталған ойын қарсаңында Олимпиада жолдамасына таласуда.